Биыл Абай ауданында 5 үйдің ауласы абаттандырылады

548

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында 5 үйдің ауласы абаттандырылады, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен қоса, 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 миллион теңге. Ал, 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Абай аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері ауданда жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. Ал, өткен жылы 7 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды. Жоба құны 186,5 миллион теңгені құрайды. Биыл Абай ауданында 5 үйдің ауласы абаттандырылып, 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 миллион теңге. Ал, 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Айта кетейік, биыл қаламызда бюджет есебінен 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қоса, Абай ауданында — 25, Әл-Фараби ауданында — 9, Еңбекші ауданында — 11, Қаратау ауданында — 6 спорт алаңшаның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы алғанда 51 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада жалпы 346 алаңша бар. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда. Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен сынға түсуде.

Атап айтар болсақ, балалар асық ату, ләңгі тебу, баскетбол, футбол, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдырудан жарысады. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталады. Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 24 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 1500 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін 124 спорт алаңшаларда өткізу жоспарлануда.