Шолпан Елгезектің фотосы Instagram парақшасынан, оқиға орнынан кадр zakon.kz-тен алынған
Ішкі істер министрлігі Алматыда Gelandewagen-мен болған жантүршігерлік жол апатына күдікті сот санкциясымен тұтқындалғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан үш адам қайтыс болған еді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Аталмыш қылмысты жасаған адам ұсталды. Сот санкциясымен тұтқындалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір қай тармақ екені анықталуда ( айып тағылған бап бойынша). Біз қосымша хабарлайтын боламыз», — деп атап өтті ІІМ вице-министрі Жанат Сүлейменов.