Еревандағы сәтсіздік: Қазақ боксы құрдымға кетіп бара ма

2469

Армения астанасы Ереван қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына бір ғана қазақстандық боксшы шықты. Соңғы кезде ересектер арасындағы халықаралық жарыстарда да ақтық сынға бір-екі отандасымыз жолдама алып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арменияда жалауын желбіреткен әлем чемпионатының финалына 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл Төлебек шықты. Енді ол үндістандық Джатинмен жұдырықтасып, алтынға таласады.

Нығман Нығмет (48 келі) те финалға шығу үшін барын салған болатын. Бірақ жартылай финалдық кездесуде армениялық Вагаршак Кеянға есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Бастапқыда Қазақстан ерлер құрамасының 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына он үш боксшы қатысқан болатын.