ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛГОРИТМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

506

Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау – әр азамат үшін маңызды құндылық. Әсіресе этносаралық қатынастарға қатысты кез келген жағдайды алдын алу, түсіністік пен татулықты нығайтуда этномедиаторлардың еңбегі ерекше.

Бүгін осы бағытта бүгін ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрағасы, «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығы» ЗТБ-нің президенті, заңгер, кәсіби медиатор Дана Кенжеқұлова қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы мен республикалық этномедиаторлар кеңесі бірлесіп әзірлеген Этномедиаторлар қызметінің алгоритмін таныстырды.

Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Этномедиация орталығының этномедиаторлары, мемлекеттік органдар мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Шара барысында этностардың қатысуымен болған инциденттер мен оқиғалардың алдын алу кезеңіндегі іс-қимыл тәртібі, этномедиатордың әрекет ету кезеңдері және алгоритмді тәжірибеде қолдану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

«Этномедиация – бүгінгі қоғам үшін аса қажет сала. Алгоритмді енгізу арқылы этномедиаторлардың жұмысы жүйеленіп, әрбір жағдайға дұрыс әрі тиімді қадам жасауға мүмкіндік туады. Бұл – бірлікті нығайтудың нақты құралы», – дейді Кенжеқұлова Дана Ақәділқызы.

Бүгінгі таңда этномедиация институты еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуда маңызды миссия атқаруда. Ал мұндай алгоритмді іске асыру – кәсіби медиаторлардың тәжірибесін жаңа деңгейге шығарып, олардың қызметін нақтылай түседі.

ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрағасы Дана Кенжеқұлова этномедиаторлардың қызметін жүйелендіру мақсатында жаңа алгоритмді таныстырды. Бұл алгоритм этномедиаторларға қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтауда тиімді және нақты қадамдарды қабылдауға мүмкіндік береді. Этномедиация саласының бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы ерекше, себебі әрбір этностық топтың арасында түсіністік пен үйлесімділік орнату – тұрақтылықтың негізі. Алгоритм этномедиаторлардың кәсіби қызметін нақтылай отырып, кез келген инцидентті алдын алу және шешу барысында жүйелі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс әдісін енгізу арқылы этномедиаторлар халықпен тығыз байланыс орнатып, олардың мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеріп, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алады.