«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Алтеевтің төрағалығымен қаланың әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды алаң – Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақтардың өкілдері қатысып, еңбек қатынастарын реттеудегі және әлеуметтік әріптестікті дамытудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Комиссия отырысында мынадай маңызды мәселелер қаралды:
1. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында өндірістік практиканы ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру жағдайы. Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардағы еңбек қатынастарының жағдайын баяндады. Кейбір ұйымдарда бұзушылықтар анықталған.
2. Қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың сақталуы. Кәсіподақтар орталығы татуласу орталығының жұмысын айтты. Өтініштердің көбі жалақы мен еңбек шартына қатысты болған.
3. Кәсіподақ жанынан құрылған татуласу орталығы арқылы еңбек дауларын шешу және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау. 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін іс-шараның дайындық барысы талқыланды.
4. 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек – елдің тірегі» флэшмобын өткізу. «Еңбек күні», «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларына қатысушылар мен үміткерлер туралы ақпарат берілді.
5. «Еңбек – елдің мұраты» жобасы аясындағы конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау және «Парыз» конкурсына қатысуға ұсынылған құжаттарды қарау. Жұмыспен қамту басқармасы, еңбек инспекциясы және әлеуметтік сақтандыру қоры берешектерді азайту және төлемдерді бақылау бойынша мәлімет ұсынды.
6. Қалалық кәсіпорындардағы еңбек қатынастары, жалақы бойынша берешекті өтеу және әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлеу мәселелері.
Комиссия жұмысына қатысқандар: мемлекеттік органдардың, қала әкімдігінің басқармалары мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Атап айтқанда:
• Бауыржан Алтеев – «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
• Серік Алиманов – ҚР Еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары
• Құдайберген Қалдықараев – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары
• Меруерт Туткишбаева, Бақтияр Салиев, Ерлан Күзенбаев, Гүлсина Бердибекова, Талғат Сәлін – аудан әкімдіктерінің өкілдері
• Сапарбек Ешанкулов – Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
• Мурат Салимов – кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
• Қуаныш Ысқақов – білім басқармасы
• Газиза Жұмагулова – ішкі саясат және жастар істері басқармасы
• Салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері: Қобланбек Оңалбеков, Серік Әуесханов, Руслан Шерімов, Али Мамедов және басқалар.
Барлығы 20-дан астам өкіл комиссия жұмысына атсалысып, өз ұсыныстарын білдірді.
Комиссия отырысы барысында Комиссия отырысында «Маида» Медиация және психология орталығының директоры Абдукаримова Салтанат «Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы» жанындағы Татуласу орталығы мен Заң клиникасының атқарған жұмыстары туралы есеп баса назар аударды.
• Заң Клиникасы: Жыл басынан бері 146 кәсіподақ мүшесіне құқықтық көмек көрсетіліп, даулардың көпшілігі сотқа жеткізілмей бітімгершілік жолмен шешілген. Сонымен қатар, 510-нан астам адам қатысқан құқықтық семинарлар ұйымдастырылды.
Комиссия отырысында Бауыржан Алтеев «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері кәсіподағының ұсынысын таныстырып, оны талқылауға ұсынды. Сонымен бірге ол ҚР Еңбек кодексіне кәсіподақтардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасына қатысты көзқарасты жеткізді.
Талқылау барысында ұсыныстың негізгі екі тармағы атап өтілді:
– Еңбек кодексінің 171-бабына өзгеріс енгізу арқылы кәсіподақтарға ереуіл өткізу туралы шешім қабылдау құқығын беру;
– Кәсіподақ мүшесі емес жұмыскерлерді өкілдік ету тәртібін (ерікті жарналар тетігін) кәсіподақтың өзіне белгілеу мүмкіндігін бекіту.
Осы ұсыныстың негізінде Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, ал Шымкент қалалық кәсіподақ орталығы ҚР Кәсіподақтар федерациясына хат жолдау туралы хаттама қабылдады.
Үшжақты комиссия отырысы әлеуметтік әріптестік қағидаларын нығайтуға және Шымкент қаласындағы еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталған нақты және кешенді шешімдер қабылдады.