Шаршадым, спорттан кеткім келеді — Илья Ильин

1070
Атлет карьерасын әдемі аяқтағысы келетінін айтады. Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин карьерасын аяқтауды ойлап жүргенін айтады. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісінде жазды. Оның сөзінше, спорттан ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының алтынын алғаннан кейін салтанатпен кеткісі келеді. «24 жыл бұрын мына бір қуекеш балақай ағасымен еріп, ауыр атлетика залына кірген және содан бері осында жүр! Талай жеңіске жетті, әлі де боларына сенімдімін! Туғандары мен жақындарына рахмет, оған спортта және өмірде демеу болғандары үшін, оның әлі аман-есен жүргені үшін. Жазғаным қорқыныштылау шығар, бірақ, бұл суретке қарап, осындай ойлар ғана келеді. 30 жасқа келдім, әлі де залда жүрмін… Иә, шаршадым… Иә өзімді мәжбүрлеп жаттығамын, алайда, бұл сапарды Токио алтынымен аяқтағым келеді! Баяғыда бір миссияны ойға алып, сонымен келемін. Күшті екенімді немесе таза екенімді біреуге дәлелдеу үшін емес, тек бір кездері төрт Олимпиадаға шығамын дегенді түйіп алғандықтан. Шаршадым, спорттан кеткім келеді, бірақ, әдемі аяқтасам деймін», — деп жазыпты Ильин.
24.kz