«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

524
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Түсіндірме жұмыстарына Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Саян Тілләбек және М.Тынышбаев атындағы Қаз КҚА Шымкент көлік колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш шара барысында экстремисттік бағыттағы діни ағымдардың адам өміріне кері әсер ету тұстарын атап көрсетті. Дәлірек айтқанда:
— Қоғамда адамдардың сөйлеу тәртібінде өзгерістер.
— Киімдегі өзгеру
— Музыкадан бас тарту (домбыра, гимн).
— Намазындағы өзгерістер.
— Мінезіндегі өзгерістер.
— Ақидасындағы (сенім) өзгерістер.
— Салт-дәстүрге қайшы келу (беташар, ас қайыру, зиярат ету).
Сондай-ақ жастарға осындай ақпараттарды сараламай қолданудың арты әртүрлі өкініштерге, айыппұл төлеу, тіпті сот алдында жауап беруге дейін апаратындығы айтылды.