Кемел тұлға қалыптастыруды мақсат еткен

822
Әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастырады. №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі, шебер-педагог, үздік-педагог, білікті ұстаз – Таукебаева Улбосын Мухановна 2018-2021 жылы «Үздік Авторлық бағдарлама», «ЭКСПО-2018» ғылыми көрмесі, «Үздік ашық сабақ», дөңгелек үстелдер, «Ашық алаң», «Үш тілділікті дамыту» Республикалық ғылыми семинарларда, конференцияларда тәжірибе алмасып, өз біліктілігін шыңдаған.
Өз мамандығын шексіз сүйіп, оның қыр-сырын меңгерген білікті маман заман талабына сай білім беруде жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде 2 авторлық бағдарламасы, 7 әдістемелік нұсқаулықтары облыс, республика көлемінде жарық көрген.
Улбосын Мухановна үнемі ізденіске толы білім жолында көптеген жетістіктерге жеткен. Атап айтсақ, «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ-2020» Республикалық байқауының «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік педагог-2020» байқауында I дәрежелі жүлделі орын алып, Республикалық «Үздік педагог-2020» байқауында жүлделі орын иегері және ақшалай премиямен марапатталды. «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсында III дәрежелі диплом, «Өз ісінің шебері» номинациясымен марапатталған. Мұғалімдердің шығармашылық пен кәсіби шеберліктерін шыңдау мен ынтымақтастығын нығайту, «Педагогикалық инновациялық идеялар» Республикалық фестивалінде I дәрежелі дипломмен, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Жаратылыстану» және «Биология» пәнін оқыту курсында біліктілігі мен кәсіби шеберлігі үшін «Алғыс хатпен» марапатталған. 2021 жылы «Жер бетіндегі тіршілікке Біз жауаптымыз» атты жас экологтардың Республикалық форумының «Табиғат құпиясына ұмтылыс» номинациясының жеңімпазы, 2022 жылы Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері Г.Нұртаза, Д.Рысбеков, К.Нұртасын, Республикалық «Зерде» ғылыми жоба жеңімпаздары А.Бегалы, З.Жанбек, А.Тұрлыбек жүлделі дипломмен марапатталды. 2022 жылы Республикалық ғылыми жоба конкурсының жүлдегері Д.Болатов Министр А.Аймағамбетов мырзаның дипломымен марапатталды. Жүлделі орын жеңімпаздарын дайыдап жетекшілік еткені үшін Улбосын Мухановна «Алғыс хатпен» марапатталды.