Илон Маск байлығы 800 млрд-тан асқан тарихтағы алғашқы адам

80

Америкалық бизнесмен адамзат тарихында байлығы 800 млрд доллардан асатын алғашқы адам ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл SpaceX ракеталық компаниясы оның жасанды интеллект пен әлеуметтік желілер саласындағы xAI компаниясын сатып алғаннан кейін болды. Нәтижесінде құны 1,25 трлн доллар болатын компания пайда болып, Масктың байлығы бірден 84 млрд долларға өсіп, рекордтық 852 млрд долларға жетті.

 

SpaceX — Масктың ең ауқымды активі, оның құны айтарлықтай қымбат (542 млрд доллардан асады). Сонымен қатар, оған 178 млрд долларлық 12% Tesla акциялары мен Tesla акцияларына арналған 124 млрд долларлық опциондар тиесілі және Масктың бұдан да басқа активтері бар.

Қазан айында оның байлығы Tesla акцияларының өсуіне байланысты 500 млрд долларға, 15 желтоқсанда жеке инвесторлар SpaceX-ті қайта бағалағаннан кейін оның байлығы 600 млрд долларға жетті.  Бірнеше күннен кейін бизнесмен Tesla опциондарына құқығын Делавэр штатының жоғарғы соты қалпына келтіргеннен кейін тағы 100 млрд долларға ие болды.

Илон Маскті бір ай бұрын 700 миллиард доллар байлығы бар тарихтағы алғашқы адам ретінде Forbes жариялаған болатын. Ал қазір оның байлығы 852 млрд доллардан асты.