ТҮРКІСТАН: Биыл 1,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

81

2026 жылы Түркістан облысында 1,2 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 1 млн 235,9 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

— 2026 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жоспары 1 млн 250 мың шаршы метр болып бекітілді. Оның 70%-ы жеке тұрғын үй және 30 %-ы көпқабатты тұрғын үй есебінен жүзеге асырылатын болады, — деді Нұралхан Көшеров.