Елімізде салық төлеушілердің бірыңғай кошелегі жасалады

1314
Қазақстанда салық төлеушілердің бірыңғай электрондық кошелегі жасалады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Электрондық төлемді жеңілдету мақсатында бірыңғай кошелек қызметіне көшу мәселесі қарастырылып жатыр. Үлгі ретінде Эстонияның тәжірибесі қаралды, ол жақта салық төлеуші салықты бір реквизитпен төлейді. Бұл сома автоматты түрде жеке тұлғаның барлық салығына тарайды, – деп мәлімдеді министр Мәжілістің үкімет сағатында.

Осылайша 2019 жылдың аяғында Қаржы министірлігінде ақпараттық жүйелер бірыңғай электрондық кошелекке түскен төлемді өздігімен таратады.

Қателікпен жасалған салық төлемінің нәтижесін жою үшін төлем құжаттардың санын қысқартады; анықталмаған төлемдер мен жөнсіз өсімдерді; есептеу мөлшерін қысқарту мен қателескен төлемдерді қайтару; инкассалық шешімдер мөлшерін қысқарту; салық төлеушінің уақыт шығынын азайту; қаржы мекемесінің, банктің, МКК-нің ақпараттық жүйесінің жүктемесін азайту мәселелері шешіледі, – деді министр.

Бірыңғай төлем жүйесіне көшу үшін ақпараттық жүйені түзету мен мәліметтер базасын жаңарту ғана емес, бюджеттік, банктік, салық пен кедендік заңнамаларға көп өзгеріс жасалуы керек екені айтылды.
Сонымен қатар Қаржы министрі Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылатынын айтты. Әлихан Смайыловтың айтуынша, шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болады.
Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электрондық шлюзі арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жасалғаны туралы мәліметті бір-екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті шекара асып кетіп бара жатқанда мұндай мәселелер туындамайды, – деді министр депутаттарға.