Аналарға кеңес: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының ғаламторда өткізетін уақытын қалай бақылайды

2100
Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Олардың теледидар көруін өз тәсілі арқылы тежеген тележүргізуші ұлдарының ғаламтордағы уақытын да бақылауында ұстайды екен. Бұл ретте Сұлтанқызы балалардың ғаламторда өткізетін уақытын бақылау бойынша өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Айтуына қарағанда, бүгінде тв көрмей кеткен ұлдары желіде ойын ойнайды. Алайда аналарына өз дегенін істету үшін Сағадат пен Сардар белгіленген уақыт шеңберінен аспайды екен. Ләйлә Сұлтанқызы бұл тәртіпті сақтаудың жолын тапқан.
“Жасасқан келісім шартымыз бар. Күніне 30 минут. Кім уәдесінде тұрса, әр жексенбі кешкісін 7 күн үшін 3330 тг беріп отырамын. Сонда әр айда олар жеке қоржынына 13 320 теңге жинайды”, – дейді тележүргізуші.
Сұлтанқызының тұңғышы ойынның қызығына тоймай, уақытынан асып кететін көрінеді. Ал кішісі ай сайын қоржынын ақшаға толтырудың тәсілін жақсы “меңгерген”.
“Ал кенжем спокойно “ай, аға бәрібір ақша ала алмайды” деп өзінікін күліп кеп алып кетеді. Содан үлкенім ашуланады. Келісімнің аты келісім. Содан келесіде 30 минуттан асырмаймын деп тіс қайрап кетеді. Осылай дисциплина орын алуда”, – дейді Ләйлә.
Ай соңында Сұлтанқызының ұлдары жинаған ақшаларына өз керектерін алады екен.
“Сонымен лайфках:
1. Әр уақытты ақшамен немесе керек деген дүниесімен есептетіңіз.
2. Егер сен келісімді бұзбай, ақша жинасаң, келесі айда өзің қалаған бутсыйыңды ала аласың деп мотивация беріп қойыңыз.
3. Балаларыңыздың телефонына уайфайды өз телефоныңыздан таратыңыз. Келісілген уақыт өткенде өзіңізден интернетті өшіре қоясыз.
4. Қазір сеть арқылы ойнайтын өте қызық логикалық ойын көп. Достарымен чат ашып, сол ойынды бірге ойнаңдар деп кеңес берсеңіз, олар таласа ойнайды. Зато мидың дамуына өте пайдалы әрі достарымен де қарым қатынасы жақсара түседі”, – деп тәжірибесімен бөлісті Сұлтанқызы.