ТАСАДАН ТАС АТПАУҒА ШАҚЫРДЫ

1863
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай өткізілетін партия съезді қарсаңында Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, талқыланса, жарыссөзге шыққандар ұсыныстарын жеткізді. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Нұрмұхан Жол­дасов пен Түркістан қаласының әкімі Әліп­бек Өсербаев, облыстық және қала­лық маслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдары және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен партияның белсенділері қатысты.

Конференцияда А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры Бекжігіт Сердалі Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы баяндама оқыды. Сонымен қатар универ-си­теттің Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығының жетекшісі, «Тұ­ран» бастауыш партия ұйымының төр­аға­сы Жанәлі Дәрібаев: «Нұр Отан» пар­тия­сы­ның 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеу­меттік даму кезеңі» бойынша сөз сөйледі. «Партиямыздың бағдарламалық ұста­нымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және нақты істермен дәлелденді.
Партия барлық сынақтарға дер кезінде назар аударып, өз бағдарламасын жетіл­діріп отырды. Бірігіп өзімізді де, елімізді де өзгерте алдық. Бірақ қол жеткенге әри­не, тоқмейілсіп, тоқтап қалуға болмайды» деді ол. Осы тұрғыда партия халыққа үлгі көрсетіп, қоғамдық сананы жаңғырту алдында жүруі тиіс екенін де айтты. Партиялықтардың басқосуында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ереже­лерін талқылау бойынша қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Алмасбек Темірбаевтың баяндамасы тыңдалды.
«Таяу онжылдық біздің партия үшін ел игілігіне бұдан да белсенді жұмыс істеу кезеңі болмақ. Нұротандықтар халықтың үміттеріне сай болу үшін барымызды салып жұмыс істеуіміз керек. Партияның бағдарламасы аясындағы белсенді жұмыс, еліміздің әрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқаттық қоғамын құруға мүмкіндік береді» деді ол. Жарыссөзде сөйлеген партия ардагері, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков ақсақал қалалық ардагерлер кеңесінде 10 548 ардагер бар болса, солардың барлығы дерлік қазіргі Түркістанның тарихи оқиғасына, қаланың қарыштап түлеп жатқанына куә болуда екенін ерекше атап өтті. Сөз арасында қасиетті Түркістанның бүгінгі кезеңіне көңілі толатынын жеткізген ардагер кейбіреулердің жақсы істерде кері тартпа әркеті дұрыс еместігін де сөз етті.
«Шыны керек, Түркістанның енді ғана тәй-тәй тұрып келе жатқанында жақсысын асырудың орнына жұмыстарға кедергі келтіріп, тасада жатып алып, тас аттатындар кездесіп қалып жатады. Осындағы бір ардагеріміз оларды сынап-мінеудің орына қаланы дамытуға атсалысуға шақырып, басу айтып, сабырға шақырып еді. Сондықтан, барша ардагерлеріміз қаланы дамытуға атсалысуға және сол жұмыстардың басы-қасында жүретін партияның атқарып жатқан жұмысына да қолдау білдіреді деп сенемін. Соған атсалысуға шақырамын», – деді Пернетай Досымбеков ақсақал. Жиынды қорытындылаған Нұрмұхан Миятұлы конференцияға оң баға берді. Сонымен қатар конференция барысында «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.
Нұрмұхан ЖОЛДАСОВ,
Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Биыл пар­тия­­мыздың құ­рыл­­ғанына 20 жыл то­лып отыр. Ме­рей­той қарсаңында пар­тияның съезі өтеді. Соған да­йын­дық жұмыс­тары басталып кет­ті.Елбасының Жар­лығымен Түр­кістан облысы құрылып, облыс орталығы болып бекітілді.Түркістанды түлету жұ­мыстарына партиямыз жақсы атсалысып жатыр. Жақында облыстық филиалдың бастамасымен облыстағы 22 басқарма бірлесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Қа­былдауға келген тұрғындар толғандырған мәселелерін тиісті сала басшыларына айтып, өтініштерін жеткізді. Осылайша, партия облыс тұрғындарының мәселесін шешу мақсатында басқа да түрлі бастамаға ұйытқы болып отыр. Партия қолға алған істердің қатарында облыс тұрғындары үшін IT сыныптар ашылып жатыр. Өзге де атқарып жатқан жұмыс жетерлік.
Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы