13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты

1259
Шымкентте  өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған 13 жастағы Бақытжан Беркімбай екі апта бұрын қолын сындырып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бақытжанның сөзінше, сол күні ол көшеде көлікте отырған. Кенеттен көршінің Арай есімді қызы үйлерінде  өрт шыққанын айтып, көмек сұрап келген.
«Үйде анам бар еді. Бірақ мен оған айтуға үлгермей, дереу жанып жатқан үйге бардым. Қарасам үйдің ішінде өрт шығып, жан-жағы жанып жатыр екен. Сол үйдің 6 жасар қызы мен 3 жасар баласы бір шетте қорқып отырды. Түтінге тұншыққан ба, әйтеуір есінен тануға шақ қалған. Дереу кішкентайын қолыма көтеріп алдым да, үлкенін жетектеп алып шықтым. Сыртқа шыққан соң су беріп, көмектесуге тырыстым. Көршінің үйіне алып бардым. Анам құтқару қызметіне хабарласты. Кейін ата-аналары да келді»,- дейді жасөспірім бүгін қалалық ТЖД өткізген баспасөз мәслихатында.
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
Бүгінде сегізінші сыныпта оқитын бала отқа оранған үйге кірген кезде қорқуға уақыт болған жоқ дейді. Өйткені ол мектепте сондай дайындық сабақтарынан өткенін, соның арқасында тезірек көмек көрсетуге ұмтылғанын айтады.
Ал, Бақытжанның сынып жетекшісі болса оның үйінде төрт ағайынды екенін жеткізді. 13 жастағы оқушысы үйдің кенжесі. Сыныпта жүргенде де тек жақсы қырымен танылған.
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
«Бақытжан — өзінің достарына үнемі қол ұшын беріп жүретін зерек бала. Байсалды, мейірімді, сабырлы мінезі бар. Тәрбие сағаттарына да қатысуы жақсы. Оның бұл жасаған ерлігі өзге оқушыларымызға да өнеге болып отыр. Өйткені жанып жатқан үйге кіруге бала тұрмақ, ересектердің өзі бара бермейді,- дейді Бақытгүл  Лекерова.
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
Бүгін жас құтқарушыны қалалық ТЖД басшылығы арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, департамент бастығы Нұрболат Дербісов «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау үшін еліміздің ІІМ атына және арнайы алғыс хатпен марапаттау үшін  қалалық әкімдікке ұсыныс жолданғанын жеткізді.
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
«Бақытжан келешекте бізге құтқарушы болып келеді деп сенеміз. Мұндай жігіттерге біз арнайы оқу орнына бару туралы ұсыныс айтамыз. Біз үшін оның дер кезінде жасаған әрекеті үлкен ерлік деп айтар едім. Оның ата-анасына және ұстаздарына алғыс айтамын»,- деді Нұрболат Дербісов.
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
Өртке оранған үйдің 7 жастағы қызының айтуынша, алты жастағы сіңлісі мен 3 жастағы інісі оттықпен ойнап отырғанда көрпе жана бастаған. Балалар оны өздері өшірмек болыпты, бірақ өрт ұлғайып кеткен. Айта кетейік,  16 ақпан күні  қаладағы Құрсай мөлтек ауданында жеке үйден өрт шыққан болатын.
Онда қараусыз 3 бала қалған. Жанып жатқан үйде қалған екі баланы сол маңда тұратын 13 жастағы Бақытжан Беркімбай алып шыққан еді. Жасөспірім дер кезінде құтқарып қалғанының арқасында екі бүлдіршін аман қалды.