Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе, ал өзге президенттердің ше?

1765
Президенттердің жеке өмірі кім-кімді болса да қызықтырары анық. Қайда тұрады, қайдан киінеді, қандай спортпен шұғылданады? Ал бұл жолы президенттердің қалай тамақтанатыны туралы айтайық… Сіз де оларды тек қара уылдырық жейді деп ойлайсыз ба?
Трамп
Ⓒkaktakto.com
Мәселен, Дональд Трамп бургер мен картоптан жасалған фриді жей береді. Ал сүйікті тағамы – беконмен қуырылған жұмыртқа.
Ким Чен Ын
Ⓒkaktakto.com
КХДР басшысы Ким Чен Ын Швейцарияның ұлттық Эмменталь атты ірімшігін сүйіп жейді екен. Алайда майлы болғандықтан салмақ қоспас үшін аз-аздан жеуіне тура келеді.
Сонымен қатар акуладан жасалған сорпаны да жақсы көреді екен.
Ангела Меркель
Ⓒkaktakto.com
Германия канцлері Ангела Меркель тамақтарды өз қолымен әзірлегенді жақсы көреді. Меркельдің ең сүйікті тағамы – картоптан әрі фрикаделькадан жасалған сорпа.
Рождество күні міндетті түрде пеште үйрек жасайды.
Елизавета
Ⓒkaktakto.com
Елизавета патшайым теңіз өнімдерін сүйіп жейді. Патшайымның таңы қара шайдан басталады, қант та қоспайды. Сонымен қатар жеміс-жидектен жасалған қауыз бен жұмыртқа жейді.
Ал түскі асқа балық немесе тауық жейді. Анда-санда сэндвич пен шайды да жөн көреді. Кешкі асқа сиыр еті, қырғауыл еті немесе балық жейді.
Бұған қоса патшайым тәттіні де ерекше жақсы көреді.
Эммануэль
Ⓒkaktakto.com
Франция лидері Эммануэль Макронның сүйікті тағамы – кордон блю. Ол – бұзау еті, ірімшік және ветчина қосылған шницель.
Макронның тағамына әйелі аса мән береді. Ол үстелге түрлі шұжықтар мен консервіленген өнімдерді қоюға тыйым салған.
Трюдо
Ⓒkaktakto.com
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо сыра ішіп, гамбургер жегенді жақсы көреді. Кофе ішкенді жақтырмайды екен.
Студенттік шағында кофені көп ішкені соншалық түнімен ұйықтай алмай шыққан, содан бері бас тартыпты.
Владимир Путин
Ⓒkaktakto.com
Ресей президенті Владимир Путиннің ас мәзірі қарапайым. Балық жегенді жөн көреді, алайда қой етінен де бас тартпайды. Балмұздақты сүйіп жейді. Әр елге барған сайын ұлттық тағамдарынан міндетті түрде дәм татып кетеді. Ал сусындардан көк шайды жақсы көреді.
Лукашенко
Ⓒkaktakto.com
Беларусь басшысы Александр Лукашенконың сүйікті асы – енесі дайындайтын дранкитер екен. Бұған қоса қара нан, балық, жеміс-жидек пен тәтті сусындарды жақсы көреді. Балмұздақтан да бас тартпайды.
Игроь Додон
Ⓒkaktakto.com
Молдова президенті Игорь Додон өз елінің ұлттық тағамдарын сүйіп жейді. Ең қатты жақсы көретін асы – молдаван сорпасы.
Тағы бір сүйікті асы – әйелі жиі дайындайтын шошқаның мойнына әзірленетін фриптурэ. Бұл тағам Молдаваның дастархандарының сәні.
Петр Порошенко
Ⓒkaktakto.com
Украина басшысы Петр Порошенконың сүйікті тағамы – қарақұмықтан жасалған ботқа мен котлет. Бір сұхбатында президент әйелі Марина жасаған барлық тағамды сүйіп жейтінін айтқан.
Нұрсұлтан Назарбаев
Ⓒkaktakto.com
Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ботқа жегенді жақсы көреді екен. Әсіресе сұлы жармасы мен геркулестен жасалған ботқаны жиі жейді. Түскі асқа қарапайым сорпа ішеді, алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе.
Кешкі асқа жеңіл тағамдарды жегенді жөн көреді. Әсіресе балық жегенді жақсы көреді.
Рахмон
Ⓒkaktakto.com
Тәжік басшысы Эмомали Рахмон қарапайым тамақтанғанды жақсы көреді. Сүйікті тағамы – палау. Сусындардан көк шайда жақсы көреді. Ешқандай ерекшелігі жоқ.
Дереккөз:Qamshy.kz