Біраз уақыттан бері бос тұрған Түркістан облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы келді.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Исабек Нұрдәулет Еркінұлы тағайындалды деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нұрдәулет Еркінұлы 1974 жылы 29 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сұраншы батыр атындағы ауылында туылған. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында «Графикалық дизайн» кафедрасында оқу шебері болып бастаған.
1999-2018 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушы, меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Магистратура және аспирантура» бөлімінің меңгерушісі, шығармашылық істер және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының стипендианты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат — колледжінің басшысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры болып қызметтер атқарған. 2018 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.