Күләш Шәмшидинова мектеп оқулықтарындағы кемшіліктер туралы айтты

1705
ҚР Білім және ғылым министрлігі Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысының кулуарында мектеп оқулықтарының мазмұны қаншалықты өзгеретіні туралы айтты.
Оқулық – балаларды оқыту инструменттерінің бірі ғана. Жаңа стандарт бойынша мұғалімдерді де, эксперттерді де дайындау жүріп жатыр. Авторларды емес. Сондықтан бір күні авторлар қайта бейімделе алмай қалуы мүмкін. Белгілі бір кемшіліктер бар екенін өздеріңіз көріп отырсыздар, – деді Күләш Шәмшидинова.
Министрдің айтуынша, жуырда ғана оқулықтарды тексеретін республикалық комиссия жұмысын аяқтады.
Комиссия бастауыш мектеп бойынша кейбір оқулықтарды қайта қарауға жіберді. Бұған қоса, жуырда оқулықтар қоғам талқысына ұсынылады, қатысуды өтінемін, – деді ведомство басшысы.
Дереккөз:baribar.kz