Назарбаев Алматыны не үшін жақсы көретінін ашық айтты – видео

1293
Қазақстанның тұңғыш президенті Алматы қаласымен өзін не байланыстыратынын айта келе, балалық шағын еске түсірді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешеніне берген сұхбатында Алматыны әсемдігі үшін, жайқалған жасыл желегі мен алма бақтары үшін жақсы көретінін айтты.   

View this post on Instagram

Өздеріңіз білетіндей, Елбасы кеше Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген сұxбаттарында Алматы сүйікті қалаларының бірі болып табылатынын атап өткен болатын. Алматы қаласымен оны не байланыстырады? Телерадиокешеннің мұрағатынан алынған видеодан жауабын тауып, тамашалаңыздар. ______________ Как известно, сейчас Елбасы находится в южной столице Казахстана и провел ряд встреч в резиденции в Алматы. Он не раз признавался, что Алматы остаётся одним из его любимых городов. Что же связывает Лидера нации и южную столицу? Коротко в нашем арxивном видео ниже!

A post shared by Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) on

Назарбаев әлі күнге дейін Алматыға барған сайын көңілі толқитынын жасырмады.
«Біздің үйдің айналасында бақ болатын. Сол кезде үй іргесіндегі телім, менің ойымша, жарты гектар болды. Ал осы жарты гектар жер отбасымызды толығымен асырады. Алма бағы болды … Алматыда алма ағаштары гүлдегенде мен міндетті түрде сонда барамын», — деді Қазақстанның бірінші президенті.
Дереккөз:sputnik.kz