Қазақстанда президенттік сайлау жаздың басында өтуі мүмкін

1321
Талғат Қалиев сайлаудың қалай да мерзімінен бұрын өтетініне сенімді.
Қазақстандағы келесі президенттік сайлаудың өтетін мерзімі әлі де белгісіз болып отыр. Саясаттанушы Талғат Қалиев Telegram-каналында өз болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саясаттанушының айтуынша, заң бойынша сайлау 2020 жылдың желтоқсанында, алдыңғы сайлаудан бес жыл өткен соң өтуі тиіс еді. Алайда президент өкілеттігі келесі жылдың сәуірінде аяқталады. Бұл жағдайда ел сегіз ай бойы президентсіз отырып қалуы мүмкін.
— Осы жағынан алғанда сайлау 2019 жылдың желтоқсанында болады деп тұспалдауға болады. Бұл дұрыс, өйткені жоғарыда айтылған билік вакуумінің алдын алады. Алайда ол үшін кезектен тыс президенттік сайлауды жариялау керек. Бірақ егер сайлау кезектен тыс болса, онда желтоқсанды күтудің қажеттігі болмай қалады. Логикаға салсақ, егер кезектен тыс сайлауға дайын болса, онда «басшы беймәлім» кезеңді қысқарту үшін сайлауды неғұрлым ертерек өткізген жөн, – деген ұсыныс тастайды Қалиев.
Қалай да кезектен тыс сайлау ертерек өтетін сияқты, тек мерзімін болжап білу керек.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет қызметкерлерінің жалақысын шілдеден емес, маусымнан бастап көтеру туралы тапсырмасының онша еленбей қалғаны қызық. Мұндай оқиғаның бір айға ертерек болуы бюджет пен қаржылық қызметтерге белгілі бір салмақ салады. Әйтсе де, одан халықтың әл-ауқаты айтарлықтай жақсарып кететініне еш кепілдік жоқ. Бұл тек сайлау алдында әлеуметтік көңіл-күйді сәл де болса көтермелеудің амалы болуы мүмкін. Менің айтпағым, сайлау биыл маусым айында, астана күні мерекесіне дейін өтуі бек мүмкін. Конституция бойынша, кезектен тыс сайлау жарияланғаннан соң екі айдан кейін өтуі тиіс екенін ескерсек, жақын арада кезектен тыс президенттік сайлау туралы жариялануы мүмкін, – деп санайды Қалиев.