Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес жайлы мәселе талқыланды

1413
Түркістан облысының прокуратурасында есірткі қылмысына қарсы мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігі мәселесі бойынша алқа мәжілісі өткізілді.
Жұмыс нәтижесі бойынша уәкілетті органдарға, оның ішінде ең бірінші полиция, кеден және шекара қызметтерінде тиімділіктің пәрменсіздігіне нұсқау жасалды.
Атап айтқанда, 2018 жылы есірткі заттарының айналымы бойынша 680 қылмыстық іс тіркелген.
Полиция анықтау көрсеткіштерін жасанды түрде жоғарылата көрсетудің нәтижесінде әрбір екінші дерек ақталатын негіздермен қысқартылып келген.
Сонымен қатар облыс аймағынан өткен 5 тұлға Ресейде ұсталғанына қарамастан, өткен жылы полиция героин контрабандасы бойынша бірде-бір деректі анықтамаған.
Алқа мәжілісінің нәтижесінде қатысушыларға есірткі бизнесіндегі қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға нақты тапсырмалар берілді.
Түркістан облысының прокуратурасы