Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

907

Бүгінде алдымызда тұрған бас­ты міндеттердің бірі – аудан көлеміндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың, қандайда бір келеңсіздіктерді болдырмау өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясында  Абай АПБ-нің ЖПҚ бөлімшесінің ЮПТ-ның аймақтық бекітілген инспекторы полиция аға лейтенант А. Молдабек, лейтенант Е.Жолдасбек жоғарғы сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыруды және 9,10,11 сынып оқушыларына әлеуметтік желілерді пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет екенін айтып өтті.