Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Өз кезегінде жасөспірімдер де қауіпсіздік шараларын ерте бастан бойларына сіңіре білгендері жөн.
Осы мақсатта, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №52 мектеп–лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Абай ауданы полиция басқармасының полиция капитаны, мектеп-лицей инспекторы Е.Турганов және ДТЖЖО А.Қонаров жоғарғы сынып оқушыларына кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу, түнгі уақытта ересектердің ілесуінсіз бей-берекет жүру, тағы басқа да келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
8-11 сынып оқушыларына жан-жақты тұлға болып қалыптасып, өз елінің патриоты болуға шақырды.