«Найман» жеңіліп қалды: Төрешілер жеңісті әзірбайжандық файтерге берді

537
Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте әзірбайжандық Нариман Аббасовтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариманға берді — 48:47, 47:47 және 48:47.
Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты.
Бұл Қуаттың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі.
Қуат Хамитовтың ендігі статистикасы мынадай: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс.