«Әміре» Ричмондтағы халықаралық фестивальде бірден екі жүлдені жеңіп алды

1215
«Әміре» фильмі АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде екі бірдей жүлдені еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Достар! Кеше біздің «Әміре» (Paris song) кинокартинамыз АҚШ-тың Вирджиния штатында өткен халықаралық фестивальде (Richmond International Film Festival) бірден екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Ол «Үздік баяндаушы фильм» және «Үздік актер» аталымдарында жеңіске жетті», — деп жазды Instagram парақшасында осы фильмде басты рөлді сомдаған актер Санжар Мәдиев.
Мұның алдында «Әміре» 2018 жылғы 23-28 қазан аралығында Лос-Анжелесте өткен Hollywood Film Festival халықаралық фестивалінде топ жарып, Silver Screen Award жүлдесін иеленген болатын.
Атақты қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинолентаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы және «Darplay» компаниясы бірлесіп түсірген.
Картинаның бас продюсері — Әлидар Өтемұратов, режиссері — Джефф Веспа (АҚШ), оператор — Максим Осадчий (Ресей), сценарист — Бенжамин А. ванн дер Вин (США), кеңесші — өнертанушы Жарқын Шәкәрім.
Актерлік құрам: Эбби Корниш — Ли Эббот, Санжар Мәдиев — Әміре,Еркебұлан Дайыров — Мұстафа Шоқай, Бен Олдридж — Джордж Гершвин.