Жамбылда Әміржан Қосановтың сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды

1502
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында 14 мамыр күні Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Бұл туралы үміткердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 
Кездесуге Ә.Қосановтың аймақтағы сенімді өкілдері — облыстық штабтың басшысы Бақытжан Мақашев, ҚР Білім беру ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Темірбай Мұқашев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы Бақыт Шағырбаев қатысты.
Кездесу барысында еліміздің ішкі және сыртқы саясаты, жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелері талқыланып, Әміржан Қосановтың сайлауалды платформасы таныстырылады. Үміткердің платформасы кеңірек зерделеніп, түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесу соңында әнші Б.Шағырбаевтың орындауындағы әндер көпшілікке тарту етіледі.