Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?

2331
Әйел баласы Жұмаққа баруы үшін күйеуінің разылығын алуы керек дегенді естуіңіз бар шығар. Пайғамбарымыз(с.а.с.) былай деді:»Аяғы ауыр әйелдер, дүниеге бала әкеліп, әрі балаларға қамқор, күйеуіне адал, айтқанын екі етпейтін болса, намазын өз уақытында оқыса, барар жері Жәннат болады» (Абу Амамадан Ахмад, Ибн Мажа және Байхақи риуаят еткен).
Шаңырақ көтерген күнен бастап күйеуіңіздің айтқанын шықпай, қарапайым тұрмыстық мәселені толық орындап, отағасының разылығын алсаңыз сізге Жұмақ бұйыратыны айтылған.
Күйеуіңіз мазасыз болса, ұрып-соқса, сізге разы болмаған кейіпте болған кезде оған шыдап, сабыр қылсаңыз арты қайырлы болары сөзсіз. Ибн Аббастан Дилми риуаят еткен хадисте «Егер әйел күйеуінің жәбіріне шыдап, «мойынсұндым» десе, Алла оның «мойынсұндым» деген сөзінен, Аллаға мадақ айтатын бір періште жаратады. Періштенің Аллаға айтқан мадағының сауабы «мойынсұндым» деп айтып жүрген әйелге жазылады». Сондай-ақ Айша (р.а.) анамыздан ибн Ғади риуаят еткен хадисте «Менің үмметімнің ең жақсы әйелдері, күйеулеріне сәлемі түзу (яғни, бойсұнушы) және қанағатшылдары»- делінген. Сондықтан да еріңізге бойұсынып, кез келген мәселеде сабырлық танытыңыз, бұл әлбетте сіз үшін Қиямет күні пайдалы.
Жұмақта әйел қандай болады?
Хаббан ибн Хабладан ибн әл-Мубарак риуаят еткен хадисте «Жер бетінде жақсы, ізгі амал істегендері үшін жәннатқа кірген әйелдер, хор қыздарынан да сұлу болады» делінген. Фәниде сыртқы әсемділіктен гөрі, жан дүниесін дін білімімен байытып, сауапты істер жасаған әйелдің мәртебесі осы болмақ.
Әйел қандай жағдайда тозаққа түспек?
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) айт намазының біріне шығып: «Ей, әйел жамағаты! Алла жолына садақа беріңдер және Алладан кешірім тілеп, көп тәубе етіңдер! Өйткені мен Жәһәннам отында басым көпшілігі әйелдер болғанын көрдім», – дейді. Сонда араларынан бір әйел шығып: «Неге тозақ отының көпшілігі әйелдер екен? Біз не жаздық сонша?»,– деген екен. Пайғамбарымыз сонда тұрып: «Жаман сөз, лағнет, қарғыс ауыздарыңнан көп шығады және күйеулеріңе қайырсыз, қанағатсызсыңдар»,– деп жауап береді. «Он бәленің тоғызы – тілден»- демекші, әйел баласының жақ сүйегі мен тілі көп қызмет атқарады. Сол тілді шайтан басқаратын болса, онда ол сізді тозаққа жетелейді.
«Ғалымдардың айтатын сөзі бар, әйел адам тозаққа түсетін болса, төрт еркекті өзімен бірге алып кетеді. Олар: әкесі, ағасы, інісі, күйеуі. Осы кісілер әйелдің түзу жүруіне жауапты деген сөз»,- деген болатын Руслан Қамбаров өз уағыздарының бірінде. Сол себепті де аға-бауырлар қыз баласының тәрбиесіне салғырттық танытпаңыздар.
Алла Тағала барлықтарыңызды Жәннәттан болуларыңызды нәсіп етсін!
Дереккөз:qamshy.kz