Асқар Мамин Түркістан қаласындағы әуежай құрылысының іргетасын қалады

1294
Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістандағы халықаралық әуежайдың құрылысының капсуласын салды.
Халықаралық терминалды «YDA» АҚ түрік құрылыс компаниясы салады. Жаңа терминал халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250-ден астам жолаушыға қызмет көрсетуге арналған.
Түркістандағы жаңа әуежайдың құрылысы түрік инвесторлары тарапынан жүзеге асырылатын болады. Әуежай ғимараты облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта, 900 гектар жерде орналасқан. Оны іске қосудың жоспарланған мерзімі — 2020 жылғы желтоқсан айы.
Құрылысқа ең үздік қазақстандық және шетелдік мамандар тартылып, құрылыстағы соңғы жетістіктер пайдаланылатын болады.
Орын таңдау кезінде көптеген факторлар ескерілді: желдің бағыты, тарихи және археологиялық ескерткіштердің жоқтығы және биік кедергілер. Ұсынылған 8 жер учаскесін барлық жағынан қолайлылығы таңдалынған.
Дереккөз:otyrar.kz