Бопсалау арқылы пара алған: ҰҚК 20-дан астам кеден қызметкерін ұстады

2102
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өндірісінде 20-дан астам кеден қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі өндіріс жатыр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Пара алды деп күдікке ілінгендер Алматы облысы және Түркістан облысының кеден бекетінің қызметкерлері. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Нұр Жолы», «Қалжат» және Қонысбаев атындағы кеден бекеттерінің кеден қызметкерлеріне, фитосанитарлық, ветеринарлық және кедендік көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты құжатты қарап жатыр.
Хабарламаға сүйенсек, 20-дан астам қызметкер Қытайдан Өзбекстанға тауарлардың еркін жүріп-тұруын ұйымдастыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан бопсалау арқылы пара алған деп күдіктеліп отыр.
Сондай-ақ, тінту барысында олардан қылмыстық жолмен алынған шетелдік және ұлттық валютадағы үлкен көлемде ақша алынған.