Тоқаев президент ретіндегі басты мақсатын айтты

1091
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант бергеннен кейін сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын. Бұл сайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңын нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Сайлау бұл қатысушылардың пікірі ғана емес, жеңіске жететін жарыс дейді. Расында әділ пікір. Осы өте маңызды саяси мәселеде біздің халқымыздың даналығы мен парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс — халқымыздың жеңісі», — деді Тоқаев салтанатты рәсімнен кейін.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы елдің алдағы даму жолын бірге айқындағанын атап өтті.
«9 маусымда Қазақстанның жақын болашағы үшін дауыс берген әр азаматтың пікірі біз үшін өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз. Сондықтан президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді: еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін», — деді президент.