«Өлуге дайынмын»: Ринат Зайытов тұтқыннан босады

1375
Ринат Зайытовты тұтқыннан босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақынды босатуды талап еткен мыңға жуық алматылық тұрғындар жиналып, үш сағат уақыттай Ринат Зайытовты күткен. Әнұран айтып, әділдік талап етті жұрт. Жиналған қауымның алдына шыққан Ринат Зайытов үйлеріне тарқауды өтінген. Бәрі жақсы екенін де айтуды ұмытпады ол.
«Мыңда бір алғыс сіздерге. Мен сіздердің барлықтарыңызды жақсы көремін. Арандататындар болады несін жасырамыз. Мен барлығың үшін осы жерде өлуге дайынмын. Мен үйден келдім. Сондықтан барлығыңыз тараңыздар. Осы сәтте арандамай тарқайықшы, ағайын. Бәрі бітті», — деді Ринат Заитов.
Әділдікке қол жеткізген жұрт, Ринаттың босағанын айтып, жар салған. Жиналған халық екіге бөлінді. Бірі ақынның соңынан еріп, қолдау білдіріп, жұрттың рухын көтерсе, енді бірі үйіне тарқасқан.