Шымкентте медицина қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

1078
Шымкентте медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіліп, 9 дәрігерге пәтер кілті табысталды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен ардагер-дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Шаһар басшысы медициналық мекемелерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды сөз етті.
«Елбасы тапсырмасына сәйкес, 1 маусымнан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілді. №2 қалалық аурухана мен қалалық перзентхана күрделі жөндеуден өтуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 8 емхана салынбақ. Бұл бағытта  инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Шымкентте бұған қоса жаңа 1200 орындық көпсалалы аурухана салынады. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тұрғын үймен қамту мәселесі шешіледі. Күз айында стансалар 100 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етіледі», — деді Ғабидолла Әбдірахымов.
null
null
Салтанатты шара барысында қаладағы медициналық ұйымдарда еңбек ететін 30-дан аса қызметкер Денсаулық сақтау министрінің марапатына ие болды.
Айта кетейік, қазір шымшаһарда 36 мемлекеттік, 69 жекеменшік медициналық ұйым бар. Онда 12 мыңнан астам қызметкер еңбек етіп жүр.
null