Үкімет тарифтер мен бағаны реттеуі тиіс – Қ.Тоқаев

1237
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тарифтер мен бағаларды реттеуді тапсырды. 
«Үкімет тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алуы тиіс. Бұл монополистердің тауарлары мен қызметтеріне қатысты. Біздің елде киім-кешектен бастап азық-түлікке дейін баға қымбат екені құпия емес. Мәселен, неліктен негізгі авиатасымалдаушының авиабилеттері еуропалық бағаға қарағанда 30 пайызға дейін қымбат? Біздің әуежайлардың қызмет бағалары неліктен жоғары? Неге шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін авиаотын отандық тасымалдаушыларға қарағанда қымбатқа сатылады? Осының салдарынан қазақстандық авиация саласы өзінің халықаралық бәсекеге қабілетін жоғалтып, елдің транзиттік әлеуеті азайып барады», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Президенттің айтуынша, жауапты министрліктің жұмысының әлсіздігінен темір жол, жолаушылар тасымалы билеттерінің жетіспеушілігі қолдан жасалып отыр.
Айта кетейік, елордада өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.

Дереккөз:aikyn.kz