Біржан Нұрымбетов Түркістандағы жәрдемақылардың берілу барысымен танысты

914
Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алдымен Түркістан және Кентау қалалық жұмыспен қамту орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшіс
Біржан Бидайбекұлы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жергілікті халыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектердің барысын түсіндірді,
Министр бұл күні Кентау қаласындағы атаулы әлеуметтік көмек алып, кәсіп ашқан көпбалалы отбасының үйіне барды. Кәсіп иесі Гүлмира Юлдашевамен кездесу барысында министр атаулы әлеуметтік көмектің жаңа бағытын түсіндірді. Айта кетейік, бүгінде жанұясына берілген атаулы әлеуметтік көмектің ақшасына киім кешек саудасын бастап, кәсібін бастаған. Сондай-ақ, арнайы курстан өткен қала тұрғыны 505 мың теңгелік грантты иеленіп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша тігінші мамандығын меңгерген. Қазір төсеніштер тігіп, сатып жатыр. Біржан Нұрымов бұл күні сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен де кездесті. Өңір тұрғындарына жыл басынан енгізілген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін кеңінен түсіндірді.
«Жаңа жоба үш бағытты қамтиды. Бірінші бағыт бойынша, көпбалалы отбасылар жеке санатқа шығарылып, оларға кепілдендірілген жәрдемақы ұсынылады. Екінші бағытта, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру көзделген. Үшінші бағытта, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну көзделген. Мемлекет көмекке мұқтаж жандарға, балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Бұл ең басты қиғида. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Бұл тұста айта кететін жайт, мемлекет жұмыс табуға не шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі — деді Біржан Нұрымбетов.
Жиын барысында министр мемлекеттік көмекке көпбалалы отбасыларды қолдауға табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, ондағы балаларға кепілді әлеуметтік көмек кіретінін атап өтті.
« АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшелері ұсынылған жұмыстан бас тартса, өкінішке орай, АӘК төлеу тек қана оларға ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді оқыту курстарын өткізу және жеке ісін ашу үшін микрокредиттер мен мемлекеттік гранттар бөлу көзделген»,- деді Біржан Нұрымбетов.
Жиын соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен сала басшыларды тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптар берді.