Экс-ректор сотқа жүгінді

1592
Экс-ректор сотқа жүгінді. Бұл 3 ай бұрын қаламыздағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетін басқаруға келген Анар Қайырбекованың шешімі.
Естеріңізде болса, атышулы экс-ректор 7-ақпан күні жұмысынан босатылған болатын. Бұған дейін де білім саласындағы былықтарды ашқан ол бұл жолы да жұмысынан үнсіз кетпейтін сыңайлы.
Қаламыздағы мемлекеттік педагогикалық университетке кіре алмай тұрған бұл азаматша оның экс ректоры. Оқу орны басшылығына қазан айында келген Анар Қайырбекова осы жылдың 7 ақпанында жұмысынан босатылды.
Жаңалықты естіген ол заттарын әкетуге келген. Бірақ, осылайша ғимарат сыртын түсіріп, жанайқайын күзетшілерге жеткізу бұйырыпты. Ал, одан кейін аудандық сотқа аттанған.
Олег Сайкин, Анар Қайырбекованың жеке адвокаты: «Әл-Фараби аудандық сотына жүгіндік. Оның заттары тұрған кабинетке рұқсатсыз кіргендері үшін. Және одан бөлек бірқатар тағар айыптарымыз бар. Ол өз заттарын бірнеше күннен кейін барып қана алды. Әлі толық әкеткен жоқ».
Осылайша жеке заттарыма қол сұқты деп арызданған Қайырбекова ісі Әл-Фараби аудандық сотында қаралмақ. Бұрын соңды болмаған мұндай тосын жаңалыққа мұғалімдер ордасындағылардың да айтары бар. Сөзденіше, 83 жылдық тарихы бар оқу ордасы Қайырбекованың келуімен өзгерген. Тек ол жаңашылдық шәкірттер мен ұстаздар игілігіне емес, ректор жағдайына ыңғайланыпты.
Гүлжан Сүгірбаева, ОҚМПУ ректор міндетін атқарушы: «Ол университет қаржысынан алып өзі отыратын кабинеттерге есік салды. Енді ондай жағдай біздің оқу орнында бұрын соңды болмаған еді. Бұл дұрыс емес деп есептеймін. Одан кейін жұмыстан шыққан соң заттарын бірден әкеткен жоқ. Енді біз оны күтіп отыра бермейміз ғой. Сол үшін есікті бұзып кірдік».
Экс-ректор қылығына білім министрін сыйлағаннан шыдадық деген олар соңында Асхат Аймағамбетовтің өзінен араша сұрады. Сөздерінше, ректорға арызданудың негізгі себебі университеттегі есік құлыптарының ауысуы емес. Одан бөлек, жаңа басшы ғылыми кеңеске қатыспай қойған. Ұстаздар ұсынысын тыңдауға құлық танытпаған оның қылығын осылайша әлеуметтік желі арқылы жауаптыларға жеткізбек болыпты.
Гүлжан Сүгірбаева, ОҚМПУ ректор міндетін атқарушы: «Біздегі ғылыми жетекшілер өз ұсынысын жеткізу үшін бірнеше рет жиналыс өткізді. Бірақ, бұрынғы ректорымыз ол жиынға 15 минутын арнап, ары қарай отырған жоқ. Бұл қанша жылдық еңбек өтілі әрі оқу орнына еткен еңбегі бар ұлағатты ұстаздарды сыйламау деп білеміз».
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университенінен кеткен Анар Қайырбекованың онымен байланысы жуық арада ажырамайтын сыңайлы.
 Назерке Үкібасова 

Дереккөз:kz.otyrar.kz