Сондай-ақ, Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан «Жэньчэн» түрмесінде де жаппай жұқтыру дерегі тіркелді. 20 ақпандағы жағдай бойынша, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 200 сотталған мен қауіпсіздік қызметінің жеті қызметкері жұқтырған.
Тағы 271 оқиға Хубей провинциясындағы түрмелерде тіркелген.
Қамаудағылар емделіп жатыр. Қазіргі уақытта олардың арасында қайтыс болғандар жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша, 20 ақпанда бүкіл әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 75 713 адам, құрбан болғандар саны 2126 адамға жетті. Тағы 16 231 науқас ауруханадан шығарылды.