Еріктілер Халыққа қызмет көрсету

1004
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер» жылы деп жариялағаны баршамызға мәлім. Осы орайда Түркістан облысының жастары өз белсенділіктерін айрықша байқатуда.
Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ХҚО бөлімдеріне ерікті студент жастар оқудан тыс, бос уақыттарында халыққа қызмет көрсетуде. Өз кезегінде арнайы оқытып, үйрету курстарынан өткізілген ерікті жастар, ХҚО келген қызмет алушыларға кеңестер беріп, цифрлы қызметтер орындарында қызметтер алуға көмектерін көрсетіп, мобильді eGov Mobile, EgovKzBot қосымшаларын ұялы телефондарына жүктеп, мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын үйретуде.
Корпорация қызметкерлері өз ынтасымен келген жастарды жылы қарсы алып, жұмыс барысымен таныстырып біріге атқарған жұмыстарының арқасында халықтың алғысына иеленуде.
«Бүгінгі жастардың ұстанымдары бізді қуантады. Әрбір қазақстандық қоғамдық өмірде белсенділік танытса еліміздің даму қарқыны едәуір көтерілетініне сенімім мол. Алдағы уақыттада белсенділер санын арттыру үшін, мемлекеттік қызметтерді халыққа көрсетудің маңыздылығын жастарға түсіндіру үшін оқу орындарын аралап, таныстыратын боламыз»,-дейді «Азаматтарға аранлған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша директорының орынбасары Ақылбек Мұқадас.
«Маған халыққа қызмет көрсетіп, қоғамға пайдамды тигізген ұнайды. Ерікті болғансоң әр алуан іс-шараларға қатыстым. Солардың ішінде халыққа қызмет көрсету орталығында болу мен үшін мәртебе әрі қызық. Себебі әр түрлі жастағы адамдар, бірі ашулы, бірі күліп келеді. Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет түрі көп, солардың әр қайссын үйреніп, ұтымды қызмет көрсете білсең қуанасың»,-деді Халықаралық қазақ- түрік университетінің 4 курс студенті, ерікті Айман Әлмен.
Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында 649 мемлекеттік қызмет болса, соның 87% яғни 608 электронды қызметтер құрайды. Ал 642 қызметті мемлекеттік корпорациядан алуға болады. Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша филиалында 15 ерікті қызмет көрсетуде. Еріктілерге арнайы кесте бекітіліп, халыққа қызмет көрсету орталығында, көші-қон қызметтер орталығында және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлініп, белсенді жұмыс жасауда.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.