КҮНДІЗГІ ҰЙҚЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

2054
Күндізгі ұйқы қаламайтын адам жоқ шығар. Кейде қатты шаршайтын уақыттарымыз болатын белгілі. Мұндай жағдай ұйқы қанбағанда немесе үздіксіз ой жұмысымен айналысқанда жиі кездесіп жатады. Мұндай мәселенің тексерілген және тиімді емі бар. Ол — күндізгі ұйқы. Ол сіздің ағзаңыздағы көптеген мәселелерді шешуге көмектесе алады. 
Ұзақ жұмыс күнінен кейін көптеген адамдар үйіне шаршап келеді. Егер түсте аздаған уақытыңыз болса, демалып алыңыз. Тіпті 15-20 минуттық ұйқы сіздің ағзаңыздың күні бойы жақсы әсер етеді. Күндізгі ұйқы энергия мен денсаулық сыйлайды.

Күндізгі ұйқы көмектеседі:

Ойлау қабілеті мен денені қалпына келтіруге. Физикалық және ақыл-ойдың шаршауы әр адамға таныс шығар. Бұл ағзаңыздың сізге аздаған уақыт демалу керек екендігін сездіріп тұрғаны.Әрине, жарты сағат бойы көңіліңізді аулап теледидар көріңізге болады. Алайда теледидар қарау сізге көмек бермейді. Оданда уақытыңызды пайдамен жұмсаңыз. Азғана ұйықтап алыңыз. Бұл ой мен дененің тиімді жұмыс жасауына пайдалы керемет идея болар еді. 15 минуттық ұйқының арқасында сіз ойыңызды айқын етіп, жұмыс істеу қабілетіңізді арттырып, сергек жүре аласыз.

Еске сақтау қабілетін жақсарту. Көптеген танымал саясаткерлер мен ғалымдардың күндізгі уақытта ұйықтап алатын әдеттері болған. Мұндай әдетке олар әсіресе жастары келген кезде үйрене бастаған.Және осы жерде олардың әрекеттері өте дұрыс болды. Себебі қысқа ұйқы тек қана ағзаны қалпына келтірмейді, сонымен бірге есте сақтау қабілетінің артуына оң әсерін тигізеді. Шетелдік ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізгенде ұйқының тек есте сақтау қабілетін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ақпаратты қабылдау және білім алу процессінде көмегі көп екенін анықтаған және дәлелдеген.

Денсаулықты және сұлулықты сақтау. Күннің екінші жартысындағы ұйқы сонымен бірге денсаулық пен сұлулықтың көзі болып табылады. Күндізгі ұйқы аурудың алдын алады. Әсіресе, жүйке және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алуға көмектеседі.

Көңіл-күйді жақсартады. Күйзеліске толы күннен кейін немесе жағымсыз жағдайлардан кейін болған тез ұйқы адамды аяққа тұрғызып әлемге оң көзбен қарауға мүмкіндік береді. Біз ұйықтаған кезде, біздің денеміз серотонин (бақыт гормоны) бөледі. Бұл гормон өз кезегінде антидепрессант және қанағаттану сезімін арттырады.

Дереккөз: Reactor