Соңғы қоңырау болмайды: БҒМ мектеп пен ЖОО-ларға қатысты біраз өзгерістерді атады

1048
Сондай-ақ, 9 және 11 сынып оқушылары қорытынды емтихан мен мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
Мамырдың 25-інде еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау өткізілмейтін болды. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі мен карантиндік шараларға байланысты оқу жылындағы дәстүрлер өзгеріске ұшырады. Бұл туралы бүгін «Хабар 24» арнасындағы брифингте БҒМ вице-министрі Шолпан Қарынова мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сондай-ақ, 9 және 11 сынып оқушылары қорытынды емтихан мен мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
«Биыл қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Барлық мектептерде оқушылар оқу тоқсанының ортасында бір бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал тоқсанның соңында тоқсандық жиынтық бағалау тапсырады. Барлық пәндер бойынша жылдық қорытындылар негізінде аттестаттар тапсырылады», — деді вице-министр.
Оған қоса, мектеп бітірушілердің кештері де ұйымдастырылмайды және студенттердің практикасының өзі кейінге шегеріліп отыр.