Басты Шымкент Шымкенттік жастар Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Марапатты қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Айтенов онлайн арқылы тапсырды.
Шымкенттік жастар Елбасының Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының алғыс хатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті.
Марапатты қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Айтенов онлайн арқылы тапсырды. Жастардың елге деген жанашырлығын жоғары бағалаған өңір басшысы «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен,»Nur Otan» партиясының үйлестіруімен елімізде «Біз біргеміз» акциясы қолға алынды.
«Jas Otan» жастар қанаты бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам волонтерді жұмылдырып, 268 мыңдай отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға 5 миллион тегін маска үлестірілді. Волонтерлардың көмегімен «Birgemiz» акциясы шеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 миллион теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріліп, жалғызбасты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға 1 млн.дана маска тегін таратылды.
Бұдан бөлек, волонтерлар зардап шеккен Мақтаарал ауданына 81 миллионнан астам қаржыға азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер және техника жөнелтуге қол ұшын созған. — Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәніміз жоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді партия филиалының жетекшісі.