Армения билігі елден көлік алып кетіп, салық төлемей жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

102
Егер Армениядан көлік алып кеткен Қазақстан азаматтары биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады, – дап хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Армения мемлекеттік кіріс комитеті осы елден көлік сатып алып, осында тіркеуге қойған Қазақстан азаматтарына салық төлеу қажеттігі туралы ескертті.
Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисяннің айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.
Былтыр Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген. Одан мемлекетке 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді.
Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады.
Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары Шушан Нерсисян: «Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформасын құру бастамасы бар. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден алып тастауға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады», – деді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз