Жансая Әбдімәлік Бундеслигада шахматтан өткен жарыстың жеңімпазы атанды

3202

Бундеслигада (Германия) OSG Baden-Baden әйелдер клубында өнер көрсететкен халықаралық гроссмейстер, Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік өз командасының жеңіске жеткенін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Достар, Бундеслигада әйелдер арасындағы өзім өнер көрсететін OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Тоғызыншы турда біз SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнап (негізгі қарсыластармен ойнадық), жеңімпаз атандық! Біз 2½:3½ есебімен жеңіске жеттік», – деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram-парақшасында.

Шахматшы OSG Baden-Baden соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы атанғанын, клубтың барлығы 12 рет чемпион атанғанын атап өтті.

Бундеслига — Германия мен Австриядағы көптеген спорт түрінен чемпионаттардың жоғарғы дивизиондық атауы.