Бір тойдан 2-3 мың доллар табатын Керімбекова шындықты жайып салды

315
Ақбота Керімбекова өзінің бір тойда табатын гонорарының мөлшері 2-3 мың доллар екенін айтты. Әнші шоу-бизнес өкілдеріне үкіметтен пайда болмағандықтан, олар тойдан тапқанымен өнерін жалғастырады деген пікірде деп жазады rgmedia.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Қазақстандағы шоу-бизнес халық саны аз болғандықтан дамымаған көрінеді.
«Еуропада,Түркияда жеке альбомыңды сатсаң едәуір қор жинайсың. Әрі шетелде әншілердің концертке немесе бағдарламаға түскеніне қаламақы төлейді.
Бізде керісінше, танымалдығы жоқ «әншісымақтар» концертке қатысу үшін ақша береді. Болмаса «көкелерін» пайдаланады.
Мен 25 жыл сахнада жүргелі концерт, бағдарламаға қатысқан әншілерге қаламақы төлегенді көрмедім.
Бүгінде мемлекеттік деңгейдегі немесе қайырымдылық кештерге шақырса, көмегі сол бетіңді бояп беретін қыздарды дайындап қояды. Басқа қалаларда болса жол ақысын төлейді.
Әнші әнін халыққа жеткізу үшін бәрін ақшамен жасайтынын көпшілік түсінуі керек.
Әуелі ақын мен сазгерді риза етуден басталады. Біздің жас кезімізде қазіргідей шектен асқан қаламақы болған емес. Әншінің еңбегінің ақысы халықтың тапқан ақшасына сай келетін. Ол кезде сазгерлер әндерін тегін беретін. Сату деген түсінік болмаған.
Қазір нарықтық заман қыспаққа алған соң, бәрі күнкөрістің айналасында жүр», — деген әнші әріптестерінің жайын түсіндіріп берді.
Сондай-ақ, Ақбота Керімбекова «Гүлдер» ансамблінде жүріп, 36 мың теңге жалақы алған күндері жайлы еске алды.
«Гүлдер», «Қазақконцерт» сынды мемлекеттік мекемелердегі әншілердің қаламақысы өте күлкілі. Мен «Гүлдерде» 2012 жылы жұмыс істедім. Айлығым 36 мың еді. Қазір жалақылары 50-60 мыңға жетіпті.
«Гүлдердің» атынан жоспар құрып, облыстарға тегін концерт қойып келуіміз керек. Сол ақшадан өзімізге айлық төлейтін. Мемлекет тарапынан әншілерге ешқандай қолдау көрсетпейді.
Қаламақым 2-3 мың доллар көлемінде. Ол қатып қалған баға емес, жағдайға да қараймыз.
Ән өңдеудің өзі 100-150 мыңнан басталып, сапасына қарай 1000-2000 долларға дейін көтеріледі. Клиптің өзіне жоқ дегенде 3000-15000 доллар жұмсалады.
Тойда фонограммамен айтқаны үшін осынша ақша сұрайды деп ренжиді. Енді, ол жерде бәрі әніңді сүйсініп тыңдап отырмайтындықтан, меніңше жанды дауыста ән салу тиімсіз», — деп сөзін аяқтады Ақбота Керімбекова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз