Дариға Назарбаева сенат төрағасы қызметінен кетті

782
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы 7 мамыр күні 57-ге келеді
Сенат төрағасы Дариға Назарбаевның өкілеттілігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.    
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды» делінген хабарламада.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы 7 мамыр күні 57-ге келеді.
Ол әртүрлі жылдары «Хабар» агенттігінің төрағасы, вице-премьер қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қыркүйегінде сенат депутаты болып, 2019 жылғы 20 наурызда сенат төрағалығына тағайындалған.
Назарбаева бұрынғы қызметінде конституция бойынша президенттен кейінгі тұлға болған. Әлеуметтік желіде «Тоқаев отставкаға кетіп, оның орнына Назарбаева отырады-мыс» деген әңгіме тараған. Алайда ол ақпаратты ресми орындар әлденеше рет терістеген.
Дариға Назарбаев 2013 жылы Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кірген. Forbes Қазақстан журналы жариялаған елдің ең дәулетті бизнесмендерінің 2019 жылғы тізіміне Назарбаева енбеген.