Көпбалалы отбасылар көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек — Нұрсұлтан Назарбаев

292
Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарт Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
Мемлекет басшысы әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар жақын арада мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажеттігін тапсырды.
«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.
Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті.
Айта кетейік, кеңеске Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз