Мемлекетке салық төлмегендердің арасында Нұржан Төлендиев те бар болып шықты

514
Шымкенттің бақуатты адамдар тұратын шағынауданда 20-ға жуық үй жер және мүлік салығын төлемей, мемлекет алдында қарызданып қалған. Олардың арасында «Алдараспан» театрының директоры, белгілі актер Нұржан Төлендиев те бар екен. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.
Мекеменің мәліметінше, актер жер және мүлік салығын төлемеген.
Мекеме Туканың қарызын қайта көтеріп қарап, 2017 жылдың қарызы 146 866 теңге төленбегенін, 2018 жылдың 1-ші қазанынан кейін хабарламалар жіберілгенін айтады.
«Шымкент қаласы Тараз шағынауданының тұрғыны Төлендиев Нұржан Темірханұлы мүлік және жер салығына 2017 жыл үшін 146 866 теңге қарызы бар. Хабарлама арнайы электронды түрде жіберілген. Осы күнге дейін төлем жасалынбаған», — дейді Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Мейрамбек Бексұлтанов.
Алайда бұл туралы Төлендиевтің өзі бейхабар сияқты.
«Салықшылар келіп кеткенін жаңа келіншегімнен естідім. Қарыз дей ме?! 2017 жылдың салығын үйдің техпаспортын алатын кезде досыммен бірге ХҚКО-ға барып 2018 жылға дейінгісін төледік. Қазір іс сапарда жүрмін. Шымкентке барған соң бәрін анықтап, көріп беремін», — дейді танымал сықақшы.