Назарбаев қайта президент болып келуі ғажап емес

50
Назарбаев: Малайзия басшысы 92 жасында билікке қайтып оралды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Club» жиынында билік транзиті жөнінде әңгіме қозғап, әлем тарихынан мысалдар келтірді. Бұл жөнінде Жас Алаш жазады.
Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақыттары өзіне билік транзиті төңірегінде сұрақтар жиі қойылатынын айтты.
«Билік транзиті қазір маған ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Менің мандатым 2020 жылы аяқталатын. Мен президент лауазымын тастап кету шешімін өзімнің ең танымал кезімде қабылдадым. 2015 жылғы сайлауда мен 96 пайыз дауыс жинадым. Кетуімді халық өкінішпен қабылдағанын білемін», — деді Назарбаев.
Бұдан бөлек Назарбаев өзінің қызметтен кетуіне әлем тарихынан мысалдар келтірді.
«Білесіздер ме? Бұл анау айтқандай ерекше жағдай емес қой. Бірде Франция президенті лауазымын генерал Шарль Де Голль тастады, кетті. Сингапурда Ли Куан Ю кетті. Малайзияда Махатхир мырза кетті. Бірақ ол кейін 92 жасында қайтып оралды. Олай да болады», — деді экс-президент.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз