Шымкентте Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ұсталды

848
Бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Шымкент қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Шымкент қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді қолға алды.
Ол 2019 жылдың ақпаны мен тамыз айлары аралығында бір топ адаммен мердігер компаниямен алдын-ала келісім жасау арқылы бюджеттің ірі көлемде ақшасын жымқырды деп күдікке ілінді, олар ақшаны сәулет және қала құрылысының жарамсыз топографиялық түсірілімі үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мердігер компанияға аударған, — деп хабарлады департаменттегілер.
Биыл 9 маусымда басқарма басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр.