Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды

1604
Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға — 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.
Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр.
Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.