Түркістандық оқушылар электронды қызмет алуды үйреніп жатыр

284
Түркістан облысындағы мектептерде оқу бағдарламасына электронды қызмет алу тәсілі енгізілді. Бұл жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамыту және тұрғындардың сауатын арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтер үйретіліп жатыр. Осы орайда бұл қызметтер өңірде алғаш рет мектеп пен колледждердегі информатика пәнінің бағдарламасына енгізілді. Электронды үкіметтің бағдарламасын таныстыру ең алдымен Түркістан қаласындағы №22 орта мектепте өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Е.Жеңісбеков және Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Садықова қатысты.
Түркістандық оқушылар электронды қызмет алуды үйреніп жатыр
Электронды қызметтерді алу тәсілдерін тез меңгерген оқушылар электронды цифрлы қолтаңба арқылы электронды үкімет веб-порталынан өздеріне қажетті анықтамаларды шығарып көрсетті.
Түркістандық оқушылар электронды қызмет алуды үйреніп жатыр
Түркістандық оқушылар электронды қызмет алуды үйреніп жатыр
Ендігі жерде оқушылар веб-портал арқылы қызмет алуды  өздері ғана меңгеріп қоймай, туған-тауыстарына да үйретпек. Сөйтіп, электронды қызмет түрлерін үйде отырып ала алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз