Карантин талаптары балабақшаларды жабуға мәжбүрледі, мектептер «қашықтан» жұмыс режиміне жіберілді. Сонымен қатар, тәрбиешілер мен балаларды қарау қызметтеріне сұраныс арта түсті, себебі ата-аналар жұмыс істеуі керек. Нәтижесінде көлеңкелі бизнеске жол ашылды. Балабақшалар үйден жұмыс істей бастады. Оларды карантинде балабақшадағы жұмысынан айырылған балабақша тәрбиешілері ұйымдастырды.
Пәтерлердегі жасырын балабақшалар — Қазақстан үшін жаңа құбылыс емес. Бірақ қазір ол жеке қосымша және мектепке дейінгі білім берудің барлық жүйесін бұзуы мүмкін. Жақында Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова қашықтықтан оқытуды сынға алды, жұмыс істейтін ата-аналар үшін бұл шамадан тыс жүктеме. Бірақ сұраныс ұсынысты тудырады — үйде «балабақшалар» мен «мектептер» қайта жанданады. Білім беру секторының көлеңкелі бөлігі өсуде.
Жалақы төлейтін ақша жоқ
«Дочки-Сыночки» жеке меншік балабақшасының директоры Ольга Бутко ашылған сәттен бастап бір ай ғана жұмыс істегенін, бірақ жеке білім беру секторы карантинді өз пайдасына қалай қолданғаны туралы әртүрлі әңгімелерді құлағаны шалғанын айтады
— Ольга, шектеулі режимдегі жұмыстың алғашқы қорытындылары туралы айтып беріңізші? Бұл қаржылық жағдайға қалай әсер етті?
— Оқытушылар құрамының жартысы ғана жұмысқа шықты, басқасына рұқсат берілген жоқ. Бір ай 50 пайыздық жүктемемен жұмыс істедік. Қызметкерлерге жалақысының 70%-ын төлеуге ғана мүмкіндігіміз болды. Әрине, бұған адамдар риза емес.
Енді менің алдымда балалардың 50%-ын ғана қабылдап, қалған қызметкерлерді сақтап қалу үшін олардың жалақысын қалай толық төлеймін деген міндет тұр
Бірінші айда адамдардың баратын жері болмады, өйткені көптеген балабақша жабық еді, ал орталықтар мүлдем жұмыс істемеді. Қазір жағдай өзгерді. Мұғалімдер балаларды үйіне ала бастады. Менің ойымша, олар мұны жұмыс істеуі керек балаларын тастайтын жері жоқ ата-аналардың ұсынысымен ашты. Ата-аналар тәрбиешілерге толық жалақы төлей алмайды, сондықтан 20-30 баладан тұратын топтар құрылады. Олар барлық шектеулерді елемейді де. Біз жалақыны қайдан төлейміз деп ойланып жатқанда, жасырын дамыту орталықтары бір баладан 20 мыңнан алып отыр. Бірақ айына кем дегенде жарты миллион қаржы түсіп отырады.
— Санитарлық қызметтер бұл туралы біле ме?
— Білмеймін. Олар бізге ғана күш көрсете алады, біз ресми түрде жұмыс жасаймыз. Үйде отырған мұғалімдерге қандай талап қоя алады?
Біріншіден, тексеру қызметтері пәтерде жасырын білім беру орталығын кім ұйымдастырғанын қайдан біледі?
Екіншіден, егер бұрын ата-аналар ұзартылған күн тобына 40-50 мың, ал балабақшалар үшін 50-100 мың теңге төлесе, пәтерде бұл қызметтер 20-30 мың теңге тұрады. Бұл ата-аналарға қаржылық жағынан тиімді.
Ата-аналар да репититорлар да риза
— Яғни, ресми балабақшалар мен орталықтардан басқа, жасырын оқыту барлығына қолайлы ма?
— Иә. Біз өз мекемелерімізді жайластыруға үлкен ақша салып қана қоймай, барлық стандарттарды, тіпті экономикалық тұрғыдан тиімсіз талаптарды да орындаймыз.
Біздің жағдайымыз жеке репетиторларға тиімді болып отыр. Барлығы қосымша білім беру саласының онлайн режиміне өтуіне әкеледі
Бұған қатысты да алаңдаушылығымыз бар. Орталықтар онлайн-платформаларды, жарнамаларды сатып алуға ақша жұмсайды, техниканы ойластырады, өйткені бұл біз үшін жаңа форма. Ал клиенттерді өз пәтерлерінде жұмыс істейтін мұғалімдер тартып алады. Орталықтардың жұмыс тоқтайды, ал кейбір сабақты жүргізетін мұғалімдердің өздері ашқан орталықтар аман қалады.
— Болашақта жағдай қалай дамуы мүмкін?
— Шағын орталықтар мен балабақшалар қазір апатқа ұшырап жатыр деп айта аламын. Ашылған мекемелер жаңа талаптарға тап болды, балалар енді пластикалық экрандарда отыруы керек, ал олар 1,5 мың тұрады. Яғни,
бұған дейін маскалар, қолғаптар және дезинфекциялау құралдарын сатып алуға орта есеппен 200 мың теңгеден жұмсаған орталықтар жаңа қаржылық жүктемеге тап болды
Карантиннен кейін балабақшаны ашуға 500 мыңға жуық қаражатым кетті. Әзірге мұғалімдер бәрі орнында. Бірақ егер мен жалақыны 100% төлейтін мүмкіндік таппасам, оларға бірнеше баланы үйіне апарыған тиімдірек болады. Осылайша, олар 15 баламен жұмыс істеп, жалақысының 70%-ын алғанға қарағанда әлдеқайда көп табысқа ие болады.
Бизнес құрдымға кеттуде
— Мемлекеттік тапсырыс жекеменшік балабақшаларда қалды ма?
— Қазір қандай жағдай бар екенін білмеймін, мен мемлекетпен серіктестікте жұмыс істемедім. Әріптестер бұл қаржыландыру үшін үнемі күресіп отырады, дегенмен бұл балабақша мен қызметкерлерді ұстауға көп көмектеспейді. Балабақшалар мен орталықтардың жарнамалары өте көп, айтарлықтай демпинг бар. Сондай-ақ коммуналдық және азық-түлік бағасы өсті, ал балабақшаға келетін балалар саны азайды. Балаларды ұстап қалу үшін жеке мектепке дейінгі білім беру мекемелері шығынға батуда.
— Балабақшаларды сатылатыны туралы хабарландырулар пайда болды…
— Себебі қаржылық көрініс көңіл қуантпайды, адамдар шаршады. Бизнестерін құрдымнан алып шыға алмауда.
— Осының алдында ашылар алдында балалардың 50%-ымен ғана жұмыс істеу туралы талап қойылғанын, сізге таңдау жасау керегін айттыңыз. Қандай амал қолдандыңыз?
—Тіпті ерекше келіссөздер мен таңдаудың қажеті жоқ, өйткені барлық ата-аналар балаларды балабақшаға беруге батылы жетпеді. Кейбіреулері балаларын ата-әжелерімен қалдырды. Біз барлық тілек білдірушілерді қабылдадық. Мен келген балаларды қайтаруға тура келді деп айта алмаймын. Бізге 15 адамнан тұратын екі топқа рұқсат берілді, ал ашылған кезде алғашқы екі аптада балабақшаға барлығы 16 бала келді.
Егер мамыр-маусым айларында ата-аналар хабарласып, күн сайын қашан ашылатынымызды сұраған еді, енді мүлдем басқа жағдай
Ашуға рұқсат беру процесі ұзаққа созылды, біз 13 шілдеде аудиттен өттік, ал 14-і ашылды. Осы уақытқа дейін ауру статистикасы жақсы көтерілді, адамдар қорқып қалды. Сондықтан біз біраз уақыт шағын топта балалармен жұмыс істедік. Қазір балалардың 50%-мен жұмыс істегеннен не пайда бар? Штат толығымен жұмысқа шықты, коммуналдық төлем толығымен жүріп жатыр. Тоңазытқыш пен лампалар қанша бала келді деп сұрамайды. Дәретханаларды шаятын су ғана үнемделуде, қалған шығындар 100% сақталды.